Жексенбі, 3 тамыз 2014, Алматы 21:17


БЛОГСТАН

Құдай-ай, мәңгілікке кетер ме екен?

Көрнекі сурет.
x
Көрнекі сурет.
КЕНДІҚҰЛ
Қазақтың тілі – дуалы. Жаратпаған адамын сойып салады. Және мәңгіге масқара боласың. Қазақ ортасында ұрымтал сөздің, сойқан мақалдың мәңгі жасайтыны, ғасырлардан ғасырларға кететіні рас. Қазақ арасындағы семантикалық бұл құбылысты, тіпті, Мұхтар Әуезовтен бастап Зейнолла Қабдоловқа дейін айтып бітіре алмаған. Мәселен, қазақ халқы сүйгенін «әз» деп еркелетеді. Ескерткіші билік нойыстығы кесірінен қоқыста қалған Әз Жәнібек!

Немесе... Абылай ханның арғы атасы Қанішер Абылай!

Енді қазіргі заманға сай тағы бір сойқан сөз шықты. Ең қиыны, жұрт қазір өзара сөйлескенде Ұрысұлтан, Сорсұлтан дейтін болыпты. Бұл сөз және елге қатты ұнады. Жайылып, тарап барады. Бүгін орысша «комментарийлерді» қарап отырсам, орыс тілділер Ворсултан деп алыпты. Ворсултан дегенді де орыс тілді қазақтар шығарғаны анық. Бүкіл болмысынан көрініп тұр.

Енді мұны ешкім тоқтата алмайды. Өйткені, қазақ – ұғым арқылы емес, бейнелі түрде ойлап, бейнелі сөйлейтін шешен халық. Құдай-ай, бұл қиын болды ғой. Енді кетті ғой мәңгілікке, а?

kondihul@yandex.kz
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.10.2010 15:04
+0 / -0
Вор деген сөз қазақтың ұры деген сөзінен шыққан. Аржағында түбірі бірсөз.

Кімнен: Алия Қайдан: астана
22.10.2010 17:11
+1 / -0
Мемлекет меншигин талан-таражга салса, байлыгын шашса, ата-бабамыздын канын тогип коргап калган жерин Кытайга сатса, "Вор" болмай кім болады??? Айтпесе, осындай байлык турганда жетимдеримизди сатпай-ак, 16 миллион халкы жеткілікті тұруға болар еди гой! Халыкты алдаган театрландырылган заман болды гой!!!

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
22.10.2010 19:59
+0 / -0
Қышыған жерді тап басты! Ырзамын Кендіқұл! Дұрыс айтасың, осымен кетті ол!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2010 00:13
+0 / -0
Шіркін-ай! Қай күні Қорсұлтан болар екен а?

Кімнен: МайБас Қайдан: Ай дала
23.10.2010 12:56
+0 / -0
Ворсултан-ұрысұлтан, мемлекет қаржысымен, өз қаржысын жаңылыстырып отырған ел басшысы. Шет елдегі қаржысын есептемегенде, елдегі тек өзіне бағынатын, өзіне есеп беретін, Самрук-қазына қоры тағы бар. Не істеймін десе де, өз қолында. Парламент, Сенат депутаттарын президент әкімшілігіне бағындырып қойып, ойына келгенін істеуде. Депутаттар, ешкінің құйыршығы ретінде, әкімшілігінің айтқанын екі етпейді. Енді міне, қарттықтан құтқарар дәрі іздеуде. Өз ауласындағы төбеттері, президент аппараты аздай, ұкімет басына келердегі, мен ешбір партияда болмаймын дегенінен айнып, нұротан партиясын иемденіп алды.Еліміз, Ұрысұлтанның, Нұротанның басқаруымен, Нұртуалетке қарай, адымды қадамдармен алға басуда, Ура!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
24.10.2010 09:53
+0 / -0
Ия, ол бүгін-ертең "мәңгілікке" кетер болса, әй қайдам "мыңқ" ететін бір қазақты көрмей жүрмін қазір.

Кімнен: asy Қайдан: akorda
25.10.2010 13:15
+0 / -0
Нұрсұлтан Әбішұлын неге жайына қалдырмайды бұл қазақ. Бұл күндеріңе ол кінәлі емес, бәріне өздерің. Патшаға тіл тигізуді қашан қоясыңдар. Ол әлі 20 жыл таққа отырады. Мәңгі жасай берсін Ұлы ақ патшамыз. Оның саясатын толық қолдаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Жарқыннұр Қайдан: Теміртау
25.10.2010 15:04
+0 / -0
Дұрыс айтасыз! Жасасын қазақ елі! Жасасын біздің патшамыз Нұрсұлтан! елімізде не болып жатқанын білмейді деп ойлайсыздар ма? Президент оны сіздерден де жаксы біледі! және соған қарсы күрес жүргізуде, нәтижесі жаман емес, оған бүкіл халық куә! сондықтан, сыртынан сөз айтудың қажеті жоқ, нағыз шыншыл болсаңыздар барып бетіне айтыңыздар!

Кімнен: Томирис Қайдан: Онтуст!ктен
25.10.2010 17:27
+0 / -0
Е оз!,е тугандары кулкынын тимайтын бале болды гой бул казакка ! Ит пен кусты шакырып Астанага жиындар отк!згенше кара халыктын ал-аукатын котерет!н жобага жумсамай ма каражатты уры неме? Айналдырган б!р Стамбулга жетер жетпес халыктын косегес!н когертпеген сорлы 2020 жылга дей!н емес оданда олмейт!н шайтан бола салсын ...Абыройы барда кетпеген сорлыдан б!р алла гана куткарады бул казакты!!!

Кімнен: ЖарқынҰры Қайдан: Қарағанды
25.10.2010 18:00
+0 / -0
Ұрысұлтанның көзі құрымай қазаққа күн жоқ! Қазақтың нәпахасы таусылып, түбінде бір алпауыт елдің бодандығына кіреді ақыры мына Ұрысұлтан тонау мен ұрлығын, жер мен елді сатуын қоймаса!

Ұрысұлтанға қолдау көрсетіп оның артыңғы қуысының тесігін балдай жалап отырған жалдамалы Жантықтарға айтарым, сендерді де қара қазақтың қарғысы атады, атпай қоймайды Байдоситтер!

Бас тақырыптар

Вирус

Эбола індеті Африканың батысына тарады

Рейтинг

Қазақстандықтың көбі өзін орта тап санайды

Конгресс

АҚШ-та «Кремль насихатшысын» тексеруді сұрады

Алматы

Қалада қысылған велосипедшілер тауға шығып кетеді

Апелляциялық сот

«Қорғас ісі»: прокурор түрмеге жіберуді сұрады

МҰРАҒАТ  ЖҮКТЕУ  ШАРТТАР

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Шымкентте сотталғандардың туысы үкімге наразы

Шымкентте терроризм айыбымен сотталған төрт адамның екеуінің – әкелі-балалы Абдубайтовтардың туысы үкімге наразы. Абдубайтовтар – Сирияда жүрген қазақстандықтардың бірінің жақындары. Толығырақ

Назарға көп іліккен

Ең көп оқылған
  1. Теңге және Батыстың Ресейге қарсы санкциялары
  2.  Ресей солдаттарының «әшкерелеуші» суреттері
  3. Ақшасы ұрланған «Қазақстан елшісінің» дәрежесі көбірек шу болды
  4. Сепаратистер басшысы былапытқа тыйым салды
  5. Астана мен Шымкентте доллар қат бола бастады
Ең көп талқыланған
  1. Мамандар санкцияның Қазақстанға әсер етер-етпесіне дауласады (22)
  2. Қазақстан суицид бойынша Орталық Азияда алда тұр (14)
  3. Мешітке барған жігіт шалбарына бола соққыға жығылды (12)
  4. «Мирзоян көшесінің» дауы Ақтөбеге де жетті (10)
  5. «Бұл – бүкіл әлемнің Путинмен соғысы» (8)
Ең көп көрілген
  1.  Сабинаның пікірі
  2.  Путиннің Батыс басылымдарындағы бейнесі
  3.  Айт мейрамындағы «нагр»
  4.  «Аңыз адам» журналының үшінші соты
  5.  Жол бойындағы қымыз саудасы