Жексенбі, 3 тамыз 2014, Алматы 15:18


ӘЛЕМ / Қытай

CNPC «Газпромға» 25 миллиард долларды алдын-ала төлейді

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), "Газпром" басшысы Алексей Миллер (ортада) және CNPC президенті Чжоу Цзипин келісім-шартқа қол қою кезінде. Шанхай, 21 мамыр 2014 жыл.

Ұқсас мақалалар

  • Ресей-Қытай газ келісімінің саяси астары бар ма?
  • Қытайға тартқан газ құбырының үшінші тармағы қосылды
  • Украина дағдарысы Ресей газының бір жолын жапты
  •  Қытай инвестициясы негізінен энергетика саласына жұмсалады
  • Қытай мұнай саласындағы үлесін көбейтті
Ресейдің «Газпром» мұнай-газ компаниясы Қытайдың China National Petroleum Corporation (CNPC) ұлттық мұнай-газ компаниясынан 25 миллиард АҚШ доллары көлемінде алдын-ала төлем ақшасын алатын болды.

«Газпром» басқарма төрағасының орынбасары Александр Медведевтің айтуынша, бұл ақша жобалық құны 55 миллиард АҚШ долларына бағаланып отырған "Сила Сибири" газ құбырын қаржыландыруға жұмсалады.

Бұған дейін Ресей мен Қытай арасында Қытайға 30 жыл бойы жылына 38 миллиард текше метр газ жөнелту туралы келісім жасалған еді. Газ Шығыс Сібірден Қытайға "Сила Сибири" құбыры арқылы тасымалданады. "Газпром" басшысының айтуынша, ресей газының мың текше метрі 350 АҚШ долларынан қымбат бағаға сатылады.

Брукингс институтының Ресей экономикасын зерттеуші маманы Клиффорд Гэдди бұған дейін Азаттыққа берген сұхбатында «бұл бағада тұрған ештеңе жоқ» екенін айтқан. Оның сөзінше, «келісім-шарттың бұдан маңыздырақ аспектілері көп». 

«Бұл жерде газ бағасының несиенің пайыздық мөлшерлемесі не жалпы мөлшері, болмаса алдын ала төлем мөлшері сияқты аса маңызы жоқ. Мұндай орасан зор келісім-шартқа келгенде, барлық аспектілерімен қоса алып қарастыруымыз керек» дейді Клиффорд Гэдди. Сарапшының айтуынша, «Келісім-шартты әр тарап өзіне ұтымды етіп көрсетуге тырысып жатыр. Әрине, ресейліктер ұтылғандай болып көрінгісі келмейді».

Бұл келісім-шарттың Еуропа мен Украинаға берілетін газға тікелей әсері жоқ. Бірақ теориялық тұрғыдан қарастырса, келісім Батыс Еуропаға сатылатын газ бағасына әсер етуі, тіпті Ресейдің газын басқа да нарықта сата алатынын көрсеткісі келуі мүмкін.

«Газпром», мәселен, газ экспортын Азияға бағыттау арқылы еуропалықтармен келіссөздердегі позициясын күшейте алады. Бұл – кімнің кімге тәуелді екенін көрсету мен саудаласқан кезде басым түсудің қамы. Біз жоспарларға, кейде тіпті келісім-шарттарға сүйеніп құрылатын сценарийлер мен рыноктардың, қауіпсіздік саясатының жылдар өте өзгеріп жататынын ескеруіміз керек» дейді Клиффорд Гэдди.

Өзге бір сарапшы бұл жерде қандай да бір саяси астар бар дегенді жоққа шығарады. Себебі Ресей - барланған газ қоры бойынша әлемдегі ең бай мемлекет. Гарвард университетінің Ресейді зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Маршалл Голдман: «Бұл келісім-шарт әлденеге әсер етеді деп ойламаймын. Ресей газының көптігі соншалық, олар оны кез келген елге сата алады» дейді.

«Газпром» төрағасы Алексей Миллер Қытай мен Ресей арасындағы бұл келісім-шарттың жалпы құны 400 миллиард доллар екенін айтқан. Ресей президенті Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, Ресей осы келісімді іске асыру үшін әуелі 55 миллиард доллар инвестиция құяды, Қытай бұл жобаға кемінде 20 миллиард доллар қаражат салуды жоспарлаған.

Владимир Путин «баға екі жаққа да тиімді» деген. Оның айтуынша, «Батыс елдерімен жасасқан халықаралық келісім-шарттардағыдай бұл жолғы баға да газ және газ отынының құнына байланысты анықталған».

Келісім-шарт бойынша Ресей газы Қытайға 2018 жылдан бастап беріледі. Алайда екі тараптың бірі әлденеге наразылық танытса, бұл мерзім ары жылжуы мүмкін.

«Газпромның» баспасөз хабарламасына қарағанда, Қытайға газ алдымен Шығыс Сібірдегі екі кен орнынан (Ковыкта және Чаянда) жеткізіледі. Олар әзірге экспорт құбырларына қосылмаған. Ал Ресейден Украина арқылы Батыс Еуропаға жеткізілетін газдың көп мөлшері Батыс Сібірдегі кен орындарында өндіріледі.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікір
     
Бұл форумда пікір әлі жарияланбаған. Бірінші болыңыз.

Бас тақырыптар

Вирус

Эбола індеті Африканың батысына тарады

Рейтинг

Қазақстандықтың көбі өзін орта тапқа жатқызады

Конгресс

АҚШ-та «Кремль насихатшысын» тексеруді сұрады

Алматы

Қалада қысылған велосипедшілер тауға шығып кетеді

Апелляциялық сот

«Қорғас ісі»: прокурор түрмеге жіберуді сұрады

МҰРАҒАТ  ЖҮКТЕУ  ШАРТТАР

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Шымкентте сотталғандардың туысы үкімге наразы

Шымкентте терроризм айыбымен сотталған төрт адамның екеуінің – әкелі-балалы Абдубайтовтардың туысы үкімге наразы. Абдубайтовтар – Сирияда жүрген қазақстандықтардың бірінің жақындары. Толығырақ

Назарға көп іліккен

Ең көп оқылған
  1. Теңге және Батыстың Ресейге қарсы санкциялары
  2.  Ресей солдаттарының «әшкерелеуші» суреттері
  3. Мамандар санкцияның Қазақстанға әсер етер-етпесіне дауласады
  4. Ақшасы ұрланған «Қазақстан елшісінің» дәрежесі көбірек шу болды
  5.  «Аңыз адам» үшінші рет жазаға тартылды
Ең көп талқыланған
  1. Мамандар санкцияның Қазақстанға әсер етер-етпесіне дауласады (22)
  2. Қазақстан суицид бойынша Орталық Азияда алда тұр (14)
  3. Мешітке барған жігіт шалбарына бола соққыға жығылды (12)
  4. «Мирзоян көшесінің» дауы Ақтөбеге де жетті (10)
  5. «Бұл – бүкіл әлемнің Путинмен соғысы» (8)
Ең көп көрілген
  1.  Сабинаның пікірі
  2.  Путиннің Батыс басылымдарындағы бейнесі
  3.  Айт мейрамындағы «нагр»
  4.  «Аңыз адам» журналының үшінші соты
  5.  Жол бойындағы қымыз саудасы